Атырау, 24 желтоқсан 20:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Электр энергиясы 6,5 пайызға арзандады

2 537 рет қаралды


Қазақстанда электр энергиясының құны 6,5%-ға арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Energyprom ресурсына сілтеме жасап.

Жаздың соңына қарай елде сағатына 69,6 млрд кВт электр энергиясы өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға кем. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша электр энергиясының 80,5% - жылу электр стансаларының еншісінде, 9,7% - гидроэлектростансалары, 8,6%-ын газотурбинді стансалар өндірген. 

Жел электр стансалары бүкіл электр энергиясының тек 0,9% ғана өндірген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 40 пайызға артық. Қаңтар-шілде аралығында Қазақстанның кей өңірлерінде электр энергиясы 6,5%-ға арзандады. 

Бағалардың арзандауы Атырау, Маңғыстау, Алматы облыстарында тіркелді. Бір айта кетерлігі, былтыр қаңтар-шілде аралығындағы электр энергиясының құны 2017 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға қымбаттаған.

Дереккөз: Inform.kz

25 қыркүйек 2019, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.