Атырау, 7 мамыр 07:03
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Шымкент полициясы "студенттер жанжалына" байланысты түсініктеме берді

Бейнежазба
2 244 просмотра

Шымкент қалалық полиция департаменті қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде болған "студенттер жанжалына" байланысты түсініктеме берді деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

"Полиция қызметкерлері Шымкенттегі бір жоғары оқу орнының екі студенті арасындағы дау-дамай фактісін тексерді. Жанжалдың тұрмыстық сипатта болғаны анықталды. Факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 293-бап 2-тармақ 1-пункті бойынша ("Бұзақылық") тіркелді" делінген полиция хабарламасында. Полиция бұдан басқа ақпарат жарияламады.

Бұған дейін "жергілікті және Өзбекстаннан келген студенттер арасында жанжал болғаны" туралы ақпарат пайда болған.



Әлеуметтік желіде тараған видеода Өзбекстаннан келген бірінші курс студенттері оқу басталғалы бері жергілікті студенттерден қысым көріп келе жатқанын айтып, Өзбекстан елшілігінен көмек сұраған. Кейбір студенттердің Азаттыққа айтуынша, осы оқиғадан соң бірнеше студент ауруханаға түскен. Біреуінің мұрны сынған. Университет басшылығы төбелестен соң полицияның 24 студентті алып кеткенін хабарлады.

Бұған дейін Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі және бас консулдықтың жағдайды бақылауға алғаны хабарланған. УзТАГ агенттігінің жазуынша, министрліктің тапсырмасымен бас консулдық өкілдері Шымкентке барып, аймақ және университет басшылығы, өзбек студенттерімен кездесіп, мәселені талқылаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

25 қыркүйек 2019, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.