Атырау, 23 желтоқсан 18:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"Самұрық-Қазына" Атырау, Ақтөбе, Павлодар әуежайларын әкімдіктердің меншігіне берді

2 284 рет қаралды


Бұл шешімді қабылдауға азаматтардың көлік қызметіне қол жеткізудегі қажеттілігі мен өңірлерді дамытудағы әуежайлардың әлеуметтік маңызы себепкер болғаны хабарланды. 

Үш қаладағы әуежай бұған дейін жекешелендіру жоспарына енгізілген болатын. 2018 жылдың қараша айында әуежайлардың бірыңғай акциялар пакеті сатылымға шығарылды. Активтің бастапқы бағасы 9,2 млрд теңгені құрады. Алайда, өтінімдердің болмауына байланысты байқау өтпеді.

– Сатылмаған активтер заң бойынша қайта құру және таратуға жатады. Бірақ өңірегі әуежайлардың жұмысын тоқтату мүмкін емес болғасын, "Самұрық-Қазына" қоры оларды қайтарымсыз негізде облыстық әкімдіктерге беру туралы шешім қабылдады, – деп түсіндірді Қордың бұқарамен байланыс департаментінің басшысы Сергей Куянов.

Дереккөз: Informburo.kz

24 қыркүйек 2019, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.