Атырау, 7 мамыр 06:30
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Бокстан әлем чемпионына екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді

2 435 просмотра


Аймақ басшысы Бекзат Нұрдәулетовке алда қатысатын спорттық додаларына сәттілік тілеп, Ақтаудағы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов дүниежүзілік деңгейде қазақ ұлтының намысын қорғап, бокстан әлем чемпионы болған Бекзат Нұрдәулетов пен оның жаттықтырушыларын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде облыс әкімі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқыды. Аймақ басшысы Бекзат Нұрдәулетовке алда қатысатын спорттық додаларына сәттілік тілеп, Ақтаудағы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Боксшының алғашқы жаттықтырушысы 3 миллион теңгенің, ал қазіргі тәлімгері Жақиев 5 миллион теңгегенің сертификатын алды.

Дереккөз: Zakon.kz

24 қыркүйек 2019, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.