Атырау, 26 сәуір 09:39
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ішкі істер министрі Ақтаудағы оқушылар төбелесіне түсінік берді

2 238 просмотра


ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақтауда оқушылар арасында орын алған төбелеске қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Кеше кешке №12 және №16 мектепте оқитын балалар футбол ойнаған, яғни ойынға 9-11 сынып оқушылары қатысқан. Футбол аяқталғаннан кейін балалар арасында келіспеушілік орын алып, оның соңы төбелеске ұласқан. Бұл жанжал олардың бір-біріне тас пен бөтелке лақтыруынан басталды», - деді Е. Тұрғымбаев. 

Министрдің атап өтуінше, құқық қорғау органдарына жақын маңдағы үйлердің тұрғындары хабар берген. «Хабар түскеннен кейін полиция жасағы сол жерге барды. 25 оқушы ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Сонымен қатар, олардың ата-аналары мен педагогтар, облыстық білім басқармасының мамандары шақыртылды. Тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, оқушылар үйіне жіберілді», - деді министр. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақтауда 12-ші шағынаудандағы №61 үйдің жанында жаппай төбелес болды.


Дереккөз: Inform.kz

23 қыркүйек 2019, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.