Атырау, 28 наурыз 18:34
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Шымкентте әріптесінен ақша бопсалаған полиция капитаны ұсталды

Бейнежазба
2 980 просмотра


Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері бопсалау жолымен 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі уақытта полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Ол бопсалау жолымен пара алды деп айыпталып отыр.


Ол бұл қызметке ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалып, әріптестерінің арасында сыбайлас жемқорлықпен күресіп, ескерту-алдын алу жұмыстарын жүргізуі тиіс болатын. Бірақ енді өзі патрульдік полиция инспекторынан боспалау жолымен 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Ол бұл ақшаға инспекторды жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жауапкершіліктен босатып, алдағы уақытта оған қамқорлық көрсетпекші болған.

Күдікті қамауға алынды, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Оның кінәсінің деңгейін сот анықтайды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

23 қыркүйек 2019, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.