Атырау, 25 желтоқсан 00:27
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

«Эйр Астана» мен «Scat» әуекомпанияларына қатысты тергеу басталды

2 762 рет қаралды


«Эйр Астана» және «Scat» әуекомпанияларына қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеу басталды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LS қаржы агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша, авиабилеттерге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша басталды, - делінген Ұлттық экономика министрлігінің хабарламасында.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шағымы тергеуге негіз болған.

Тергеу нәтижелері бойынша авиабилеттерге қолданылатын бағалардың негізділігіне баға берілетін болады, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz

23 қыркүйек 2019, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.