Атырау, 17 мамыр 07:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

"Астана" Еуропа лигасында "Манчестер Юнайтедтен" бір гол айырмашылығымен ұтылды

Бейнежазба
2 174 просмотра


"Астана" футболшылары Еуропа лигасы топтық кезеңінің алғашқы матчында сырт алаңда англиялық "Манчестер Юнайтедтен" жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

L тобының алғашқы тур ойыны "Олд Траффорд" стадионында өтті.

Манчестерлік клубтың бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер бұл матчта бірқатар жас ойыншысын негізгі құрамда шығарды - 21 жастағы қорғаушы Аксель Туазебе, 19 жастағы хавбек Эйнджел Гомес, 17 жастағы форвард Мэйсон Гринвуд және 19 жастағы шабуылшы Таит Чонг матчты бірінші минуттан бастады. Ал "Астана" құрамында ешқандай өзгеріс болмады.

Матчтың 3-минутында Фред тепкен доп Ненад Эрич қақпасының маңдайшасына тиді. Артынша алаң иелері қысымын азайтқан жоқ, көбіне Маркус Рэшфорд шабуылда белсенді болды.

"Астана" алаң иелерінің қысымына шыдап, үзіліске 0:0 есебімен кетті.


Екінші таймда да МЮ ойыншылары шабуылын тоқтатпады. Бірақ үзілістен кейін "Астана" батылырақ ойнады. Қазақстан чемпионы матчтың 72-минутына дейін қақпасын голдан сақтай алды. 73-минутта Мэйсон Гринвуд гол соғып, "Манчестер Юнайтедке" жеңіс сыйлады.

L тобының екінші матчында сербиялық "Партизан" өз алаңында голландиялық "АЗ Алкмармен" тең түсті - 2:2.

Енді Еуропа лигасының 2-туры 3 қазанда өтеді: "Астана" елорда уақытымен 20:50-де өз алаңында "Партизанмен" кездеседі.

Дереккөз: Vesti.kz

20 қыркүйек 2019, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.