Атырау, 19 наурыз 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

4 760 просмотра


Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды  Ақорда сайты. 

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын.

 Жеңіс Қасымбек осыған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. Жеңіс Қасымбек 44 жаста, Жамбыл облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын "сәулетші-дизайнер" мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.  Еңбек жолын 1997 жылы ҚазБСҚА-да тағылымгер-зерттеуші болып бастаған. 1998 жылы "Темірбанк"ААҚ бас маманы болды. 1998-2000 жылдары - ҚР монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің бөлім басшысы. 2000-2004 жылдары - ҚР ККМ су көлігі департаментінің директоры. 2004 жылдан 2005 жылға дейін - "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК директоры. 2005 жылғы қарашада Көлік және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды. 2009 жылдың наурыз айынан бастап Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2014 жылдың наурыз айында көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды. Сондай-ақ, ол Инвестициялар және даму министрі болды, кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы болды. Ақпан айында Президент Жарлығымен Жеңіс Қасымбек премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған.

 

19 қыркүйек 2019, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.