Атырау, 19 наурыз 09:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Бергей Рысқалиев ұрлаған 13 миллион долларға бұғау салынды – Бас прокуратура

2 744 просмотра


Қазақстанның құқық қорғау органдары Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің активтерін іздеп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді.

"Қылмыстық топтың (Бергей Рысқалиев басқаратын) активтерін іздеу және бұғау салу шаралары жүргізілуде. Шетелдегі 13 миллион долларға бұғау салынды. Оларды тәркілеу жұмысы жүргізіліп жатыр", - деді Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы.

Қадағалау органының өкілі Бергей Рысқалиев облыс әкімі болған күннен бастап бюджет қаражатын ұрлау үшін бауырымен бірге тұтас қылмыстық топ құрғанын еске салды.

"2006 жылдан бастап 2012 жылға дейін олар мемлекет меншігіндегі нысандарды өз адамдарына жүйелі түрде төмен бағамен сатқан, әлеуметтік нысандарды салу құнын арттырған, аса ірі көлемде пара алған және қылмыстық мақсатта ресми құжаттарды қолдан жасаған", - деді ОКҚ-да Сапарбек Нұрпейісов.

Бас прокуратураның мәліметінше, ұрланған ақша арнайы құрылған жалған фирмалар арқылы жылыстатылып, шетелге шығарылған.  

"Бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топ құрылған. Олардың біреуін Бергей Рысқалиевтің күйеу баласы – Альбакасов басқарды. Газдандыру, электрлендіру, сумен жабдықтау нысандарында, тұрғын үй, көпір өткелдерін, кәріз-тазалау ғимараттарын және өзге де әлеуметтік нысандар салу кезінде бюджет қаражатын ұрлау олардың ортақ мақсаты болды", - деді ол.

Қазіргі уақытта Бас прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп Рысқалиевтердің қылмыстық топтарын қудалауды жалғастыруда.

Қадағалау органының мәліметінше, сот үкімімен 185 нысан тәркіленген, оның ішінде 50 пәтер, 44 жер учаскесі және банк шоттарындағы ақша бар. Жалпы қазіргі сәтте мемлекетке 44 миллиард теңгеден астам шығын өтелді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

19 қыркүйек 2019, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.