Атырау, 26 сәуір 06:22
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Жанар Хамитованың әкесі: "Біз ешкімді жазғырмаймыз. Бұл - тағдыр"

2 513 просмотра


Қарағанды облысында халық Жанар Хамитовамен қоштасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

SuperStar.kz шоуының жұлдызы 16 қыркүйекте қайтыс болған. Әнші туған қаласы Қарқаралыда жерленді. Жанарды ақтық сапарға шығарып салуға туыстары мен көршілері келген.  

Ал полиция қазір "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бірақ әншінің әкесі Аманжол Хамитов оның өліміне ешкімді кінәламауды сұрады.  

"Иә, жұлдыз еді... жұлдыздай ағып кетті. Ешкімді жазғырмаймыз. Бұл тағдыр. Ешкімді жазғырудың керегі жоқ. Бұрынғы күйеуін де. Тыңдармандарын да. Ол бәрімен жақсы қарым-қатынаста болды", - деді Аманжол Хамитов.  TengriTV тілшілері Жанар Хамитованың туған қаласында болып, ол туралы сюжет дайындады. Жақын арада YouTube-арнамыздан көріңіздер. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

19 қыркүйек 2019, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.