Атырау, 16 сәуір 10:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Ақтөбеде жолаушылар автобусынан граната табылды

2 073 просмотра


Ақтөбе шекара отрядының өткен түнде «Орынбор – Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар автобусынан граната тауып алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Жолаушылар көлігін тексеру барысында қызметтік иттің және техникалық құралдардың көмегімен артқы орындықтардың астынан 1 дана граната тауып алды. Оқиға орнына тиісті мамандар шақырылып, жарылғыш зат қауіпсіздендірілді. Шекарашылар қауіпті заттың иесін анықтап, ұстады. Ол осы автобуспен келе жатқан, 1984 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы болып шықты», - делінген хабарламада.


 Дереккөз: Inform.kz

19 қыркүйек 2019, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.