Атырау, 24 желтоқсан 21:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Тоқаев 100 күнде не істеді?

2 213 рет қаралды


Қасым-Жомарт Тоқаев Президент лауазымында отырғанына 100 күнтолды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында осы аралықта Тоқаевтың қандай істер атқарғаны туралы видео шолу жариялады. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ант беріп, ресми ұлықтау рәсімін өткізгеніне 100 күн толды. ҚР Президентінің осы аралықтағы жұмыстарына қысқаша шолу", - деп жазды Берік Уәли.  

Видеода кездесулер үзінділері, Президенттің әр түрлі қалаларға барғандағы сапарларынан үзінді, оның ішінде Арыс қаласы да бар. Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде 12 мауысымда Қазақстан Президенті болып сайланды. Осы күні оның ұлықтау рәсімі өтті. 9 маусымда өткен сайлауда Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинады. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


19 қыркүйек 2019, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.