Атырау, 24 желтоқсан 21:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматыда есірткіге тәуелді адамдарды тонайтын «полицей» ұсталды

2 385 рет қаралды


Алматыда бұрын біреудің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 39 жасар ер адам тағыда қылмыс жасады. Күдікті өзінің құрбандарын дәріхананың алдында қаруылдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Шабуыл жасаушы тіс қаққан алаяқ. Ол көлігін дәріхананың алдына қойып, есірткіге тәуелді адамдарды аңдып отырған. Кейін дәріханадан шыққан адамның жанына келіп, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, көлігіне отыруды талап еткен. Жәбірленушісінің әлсіздігін байқап, оған қысым жасайды. Яғни, есірткі қолданғанын мойындауға мәжбүрлеп одан ақша талап еткен. Тіпті, жәбірленушілердің бірінен ұялы телефонын тартып алған. Айта кету керек, күдіктінің қолында жалған куәлігі де, үстінде полиция қызметкерінің киімі де болмаған»,- дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Тұрыспаев. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 39 жастағы күдікті ұсталды. Жауап алу кезінде ол істеген ісін толықтай мойындап, жәбірленушіге қатысты заттай дәлелдерді өз еркімен берді. Ол Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

18 қыркүйек 2019, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.