Атырау, 18 сәуір 19:22
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Шамалғандағы трагедия: дәрігерлер автобуста қалып қойған екі баланың жағдайын айтты

2 567 просмотра


Алматы облысы Қарасай ауданы ауруханасының дәрігерлері Шамалғандағы апатта зардап шеккендердің жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аурухана директорының бірінші орынбасары Бақыт Жамековтың айтуынша, қазір 33 жастағы Эльвира Жәнібекованың жағдайы қалыпты. Ал оның екі баласы жансақтау бөлімінде жатыр.

"Кеше облыстан мамандар келіп, 2014 жылы туған қызға ота жасады. Бас сүйегіне трепанация жасалды. Ал 2016 жылы туған қызға консервативті ем беруге, яғни дәрі-дәрмекпен емдеуге шешім қабылданған болатын. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде. Екеуі де аппаратпен дем алып жатыр", - деді Жамеков Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Дәрігердің айтуынша, балалардың анасы есін жиды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Апат кезінде оң қолы және қабырғалары сынып, миы шайқалған.

"Қазір анасы есін жиған, сұрақтарға жауап береді. Бізге облыстық балалар ауруханасынан және көпбейінді клиникалық ауруханадан мамандар келіп, көмек беріп жатыр. Бұл жағдай облыс әкімі мен денсаулық сақтау министрінің тікелей бақылауына алынды", - деп атап өтті Жамеков.

Дереккөз: Sputniknews.kz

16 қыркүйек 2019, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.