Атырау, 29 қаңтар 07:02
Таңертең бұлыңғыр болады0, күндіз +4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 380.84  € 419.50  P 6.05

Шамалған апаты бойынша екі қылмыстық іс қозғалды

16 қыркүйек 2019 14:56


Шамалған станциясында жолаушылар пойызы мен автобустың қатысуымен болған апаттан кейін екі қылмыстық іс ашылды, деп хабарлады ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Автобустың қоршау сыртына қалайша шығып кеткенін тергеу барысында анықтап жатырмыз. Қазір оқиға орны тексерілуде, автобус сараптамаға тапсырылды, тепловоз Алматы-1 станциясында тұр. 344 бап (теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану кезінде қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу) және 345 баптары (көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың көлік құралдарын пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, бүгінде көліктегі полиция басқармасымен, облыстық полиция басқармасымен, сондай-ақ Ішкі істер министрлігімен бірлесіп тергеу-жедел тобы құрылып, апаттың барлық себептері анықталуда.

Жол апаты 15 қыркүйекте сағат 19:20-да болған. Алматы-Қостанай жолаушылар пойызы 2449 шақырымда (Шамалған станциясы) автобуспен соқтығысқан.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұловтың айтуынша, автобус жүргізушісі сигналдарға қарамастан теміржолға шығып кеткен.

Шамалған станциясында болған апат салдарынан 3 адам зардап шекті, 1 адам қайтыс болды. 2014 және 2016 жылы туған балалар мен 33 жастағы әйел Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр.

Дереккөз:Zakon.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

574 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3