Атырау, 19 сәуір 19:02
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Министр Шамалғандағы өткелге қашан көпір салынатынын айтты

2 102 просмотра


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Шамалғандағы апат тіркелген жолдағы кептелісті шешу үшін көпір салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз өтпежолда көпір салуды келесі жылға жоспарлап отырмыз. Бірақ, көпір дәл осы өткелде емес, жер үйлер азырақ орналасқан аумақта салынады», - деді Роман Скляр ОКҚ-да тілшілердің сұрақтарына жауап беріп. 

Министр көпір бойынша жобалар жұмыстары келесі жылы басталатынін жеткізді. «Жобалау мерзімі шамамен 3-4 айды алады. Келесі жылы өткелде көпір құрылысын бастап кетуді жоспарлап отырмыз. Ол одан басқа жерде орналасады», - деді ол. 

Айта кетсек, бұған дейін министр Шамалғандағы өткелге көпір салу үшін 70 жер үйді сүру керектігін айтқан еді. Осы оқиғаға байланысты ІІМ көліктегі полиция қызметкерлері бақылау жұмыстарын күшейтпек. 

Еске сала кетсек, кеше Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысқан болатын. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның екеуі бала. 

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура өз бақылауына алды.

Дереккөз: Қазақпарат



16 қыркүйек 2019, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.