Атырау, 23 сәуір 11:40
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Пойыз апатынан зардап шеккен балалар комада жатыр

2 418 просмотра


Шамалғандағы пойыз апатынан жарақат алған балалар комада жатыр. Бұл туралы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қарасай аудандық ауруханасында 33 жастағы әйел, үш және бес жастағы балалар жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

"Қазір олар жансақтау бөлімінде. Әзірге зардап шеккендердің жағдайы өзгерген жоқ", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Балалардың жағдайы туралы не белгілі

2016 жылы туған бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алды, оның миына ауыр дәрежеде зақым келген және сол жақ өкпесі жарақаттанған.

"Кома 2-3. Жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", - дейді дәрігерлер.

2014 жылы туған балаға да жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миына ауыр дәрежеде зақым келген деген диагноз қойылды, маңдай-самай сүйегі сынған. Ол да комада жатыр.

Зардап шеккен әйел қандай жағдайда

Дәрігерлер 1986 жылы туған әйелдің өмірі үшін күресіп жатыр. Оның миы шайқалған, сондай-ақ оң жақ иық сүйегінің төменгі бөлігі сынған. Бұғанасы мен жауырынын жарақаттаған.

"Бірінші дәрежелі травматикалық шок алған, жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.

Дереккөз: Sputniknews.kz

16 қыркүйек 2019, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.