Атырау, 24 желтоқсан 21:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстанда бала психикасына кері әсер ететін 800-ге жуық сайт бұғатталды

2 512 рет қаралды


ҚР Ішкі істер министрлігі балалар мен жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерден қорғау бағытында жүргізіліп жатқан шаралармен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

«Елімізде тыйым салынатын интернет-ресурстарды анықтауға қатысты министрлік тиісті шараларды жүргізіп жатыр. Оның ішінде балалардың дамуы мен психикасына әсер ететін сайттар да бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің атынан әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашып, заңсыз және балаларға қарсы қылмысқа итермелеуге бағытталған контенті бар интернет-ресурстарды айқындауға кірістік. Жыл басынан бері интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу арқылы 6 мыңға жуық порнографиялық сайт анықталған. Нәтижесінде оның 800-ге жуығы бұғатталды», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.  

Вице-министрдің сөзіне сенсек, елімізде кәмелет жасына толмағандардың өліммен аяқталатын қылмыстарды жасау көрсеткіші 62% азайған.   «Бүгінде мектептерде 2 мыңнан астам тәртіп сақшысы балалармен жұмыс істейді. Еліміз бойынша 7 мыңнан астам мектеп бар. Осы орайда бізге балалар және жасөспірімдермен жұмыс істейтін тағы 2 мыңдай полицей керек. Сондай-ақ, біздің мамандар балалармен қатар, олардың ата-анасымен де тікелей жұмыс істейді», - деді ол.


Дереккөз: Inform.kz

12 қыркүйек 2019, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.