Атырау, 24 желтоқсан 21:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

ҚарМУ ректоры пара берді деген күдікке ілінді

3 038 рет қаралды


Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры пара берді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр.  "Ол ҚР БҒМ "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру және жалпы қамқорлық туралы мәселені оң шешкені үшін бес мың АҚШ доллары сомасында пара берді деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.  

Ведомство өкілдері сондай-ақ, "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасының пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 қыркүйек 2019, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.