
Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы басшысы Элла Памфиловаға шабуыл жасады деген Бақыт Қарабалаев Қазақстан тумасы екенін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
Жұма, 6 қыркүйекке қараған түні Элла Памфилованың Мәскеу түбіндегі үйіне тонаушы басып кірген. Ер адам әйелді бірнеше рет электрошокермен соғады. Жәбірленуші қарақшыға қарсылық көрсете алмаса керек.
"Соттан кейін Қарабалаевпен Қазақстан консулы кездесті. Ол ешқандай шағымы жоқ және аудармашының керек емес екенін жеткізді. Адвокаттың қызметімен қамтамасыз етілген", -деп атап өтті Смадияров.
Бақыт Әжіғұлұлы Қарабалаев 1983 жылы туған. Ресейлік БАҚ анықтағандай, Қарабалаев Қазақстаннан Ресейге 5 жыл бұрын қоныс аударыпты. Ер адам "Лес и Река" коттедж ауылына жақын маңдағы орман ішіндегі үйде тұрады екен.
Тоғызыншы қыркүйекте Басман сотында отырыс өтіп, Қарабалаевты 6 қарашаға дейін қамауға алу шешімі қабылданды. Оған қарсы РФ Қылмыстық кодексінің 162-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қарабалаев 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Дереккөз: sputniknews.kz
В Атырау -6