Атырау, 28 сәуір 17:22
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жармахан Тұяқбай: Е.Бәпиді партиядан ығыстыру алдын-ала дайындалған сценарий

3 077 просмотра


«Ақиқат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының экс-төрағасы Жармахан Тұяқбай партия басшылығының ауысуын «лас және ашық төңкеріс» деп бағалады. 

Партия құрылған 2006 жылдан бастап биылғы сәуірге дейін төраға қызметінде болған Жармахан Тұяқбай «6 қыркүйекте ЖСДП-ның 15-ші съезінде бейтаныс адамдар ұйымдастырған делегаттар тобы мораль мен адамгершіліктің кез келген нормаларын пайдалана отырып, партияға лас және ашық төңкеріс жасап, Ермұрат Бәпиді қызметінен ығыстырды. Түсінгенім бойынша, бұл алдын-ала дайындалған сценарий. Қазақстанды жалғыз оппозициялық партиядан айыру мақсатында жасалғанын көріп отырмыз», – дейді. 

Vlast.kz интернет-журналының хабарлауынша, Жармахан Тұяқбай XV съезде орын алған бұл оқиғаны «нағыз трагедия» деп бағалады. Сондай-ақ, экс-төраға партия мүшелерін ЖСДП-ның жаңа съезін өткізуге және Ермұрат Бәпи өкілеттілігін қалпына келтіруге шақырды.

Осыған дейін қыркүйектің 6-сы «Ақиқат» ЖСДП партиясының бұрынғы төрағасы Ермұрат Бәпи партия мүшелері оған Париж конференциясына қатысуына сенімсіздік білдіргеніне байланысты отставкаға кетті. Оның орнына партияның астаналық филиалының басшысы Асхат Рахымжанов келді.  қыркүйек Алматы қаласында өткен ІІ Халық құрылтайының жиынында Ермұрат Бәпи жағдайға қатысты сот процестері басталғанын мәлімдеген болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

9 қыркүйек 2019, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.