Атырау, 28 сәуір 12:55
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қарағанды облысында 3 жасар баланы өлтірді деген күдікті ұсталды

2 452 просмотра


Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі Қарағанды облысында 3 жасар баланы ұрлап кетіп, кейін өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Instagram желісіндегі Karaganda.city парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Еріктілердің айтуынша, күдікті Қарағандыдағы вокзалда ұсталған. Еске салайық, мұның алдында Шет ауданының Бұрма ауылында үш жасар бала ұрланғаны мәлім болған. Оны анасының қолынан 23 жастағы ер адам жұлып алып кеткен. Қаскөй бұған дейін де сотты болған. Ұрланған баланың туған-туыстарының ақпаратына сәйкес, ер адам сәбидің анасын бопсалап, онымен қарым-қатынас жасауды талап еткен. Ал келісім алмаған соң, ол ұлын ұрлап кеткен. Аталған дерек бойынша облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы жұмылды. Соталды тергеу ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша жүргізілді. Кейін 3 жасар баланың өлі табылғаны анықталған. Баланың қайтыс болғаны туралы ақпаратты туыстары растаған еді. Полиция Қарағанды облысындағы бала өліміне қатысты күдіктінің суретін жариялаған. 

Дереккөз: tengrinews.kz


9 қыркүйек 2019, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.