Атырау, 2 мамыр 16:10
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстан президенттік басқару формасындағы мемлекет болып қала беруі керек - Тоқаев

5 362 просмотра


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан президенттік республика болып қала беруі тиіс. Бұл туралы ол ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстан президенттік басқару формасындағы мемлекет болып қала беруі керек екеніне сенімдімін. Бірақ парламент саяси жүйеден ойып тұрып орын алуы керек. Мәселе сайлау туралы заңнаманы жетілдіруде ғана емес, ол жетілдірілетін болады, әрине. Парламент қолданыстағы заңнама аясында мемлекеттік маңызды шешімдерді қабылдауда өз орнын ойып алуы керек", - деді Тоқаев.

Президент алда кәсібилікті, өзара сыйластық пен шыдамдылықты талап ететін жауапты жұмыс күтіп тұрғанын айтты.

"Өз жолдауымда мен саяси жүйені жаңғырту қажет екенін атап өттім. Елдің қоғамдық-саяси өмірін өзгертпей экономикалық реформаларды жүргізу мүмкін емес екені анық", - деді ол.

Тоқаев өзінің мемлекеттік билік формуласын еске салды. Ол күшті және құзырлы президент, ықпалды және іске жарамды парламент, халыққа есеп беретін үкімет.

"Бұл формула әзірге іске аспай отыр. Оны практика жүзінде іске асыру керек", - деді мемлекет басшысы.

Дереккөз: sputniknews.kz

6 қыркүйек 2019, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.