Атырау, 2 мамыр 15:15
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

"Билік тізгінін соларға тапсырамыз": Тоқаев кеңес отырысында маңызды мәселені көтерді

2 710 просмотра


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы кеңесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде технологиялар, экономика мен әлеуметтік тәртіп өзгеріп жатыр. Ең бастысы, адамзаттың тұрмыс салты түбегейлі өзгеріп келеді. Жастардың дүниетанымы да трансформацияға ұшырап жатыр. Олар үлкен саяси және технологиялық өзгерістер дәуірінде өз орнын табуға тырысады. Әрине, жастардың бәрі бірдей емес", — деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жастардың бір тобы мәдениет мен өнерді қаласа, енді біреулер бизнеске жақын жүреді. Мемлекеттік қызметте жүрген жастар да аз емес.

"Түк істегі келмейтіндер де бар... Ондайлар бұған дейін болды және әлі де болады. Мен президент ретінде белсенді әрі нақты мақсатқа ұмтылған жастарға жағдай жасап, осы қиын өмірде өз орнын табуға көмектесуді көздеймін. Осыған байланысты біз бизнес ашуға, мұқтаж балаларға тегін білім алуға жағдай жасап, дарынды жастарды іздеп, жас басқарушылардың кадрлық резервін жасақтап жатырмыз. Биліктің тізгінін соларға тапсырамыз",— деді Тоқаев.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда биыл Тоқаевтың жарлығымен маусымда құрылған ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр.

Қазақстан президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган.

Кеңес қызметінің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.

Дереккөз: sputniknews.kz

6 қыркүйек 2019, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.