Атырау, 2 мамыр 12:09
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Президент жанындағы Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы басталды

2 690 просмотра


Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы басталды. Отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етуде,- деп хабарлады baq.kz.

Ұлттық кеңестің құрылатыны жайлы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусым күні - Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсімінде айтқан болатын.

«Билік пен қоғам арасындағы диалогтың маңызы зор. Әртүрлі пікірлер бола береді, бірақ біртұтас қоғам керек. Сол үшін мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру жөнінде шешім қабылдадым. Кеңес еліміздегі ең маңызды мәселерді талқылайды», - деген еді ұлықтау рәсімінде Тоқаев.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (Ұлттық кеңес) - ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган. 

Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты - жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.    

Ұлттық кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына үш реттен жиі өткізілмейді.  

Ұлттық кеңестің құрамы: Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Президенті, төраға; Қырымбек Көшербаев - ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға орынбасары; Ерлан Қарин - ҚР Президентінің кеңесшісі, хатшы.

Бұған дейін кеңес мүшелерінің мүшелік кездесуі өткен болатын. 28 тамызда ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары Қырымбек Көшербаевтың басшылығымен өткен жиында Ұлттық кеңес қызметінің бағыттары мен тетіктері, Кеңестің бірінші отырысын өткізуге дайындық мәселелері талқыланып, жұмыс топтары құрылған еді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді.

Дереккөз: baq.kz 


6 қыркүйек 2019, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.