Атырау, 25 желтоқсан 00:36
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Гүлшара Әбдіқалықова Мәжіліс комитетінің төрайымы болды

2 604 рет қаралды


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлшара Әбдіқалықова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оның кандидатурасын ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ұсынды. «ҚР Парламенті Комитеттері мен комиссиялары туралы заңның 8-бабына сәйкес, мен осы орынға Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың кандидатурасын ұсынамын. Гүлшара Наушақызы көптеген лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Барлық салада білімі де, тәжірибесі де жеткілікті. Сондықтан, осы комитетті басқару үшін Гүлшара Әбдіқалықова лайықты деп есептеймін», - деді Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында. 

Гүлшара Әбдіқалықованың кандидатурасын барлық депутаттар мақұлдады. Айта кетейік, бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа депутаттары - Гүлшара Әбдіқалықова, Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова ант берді.


Дереккөз: inform.kz

4 қыркүйек 2019, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.