Атырау, 25 желтоқсан 00:36
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​Божко қазақ тілін қызметтік лифт деп атады

3 217 рет қаралды


Мәжіліс төреағасының орынбасары Владимир Божко этникалық мәдениет орталығы мен мемлекеттік органдарды қазақ тіліне көбірек мән беруге шақырды, - деп мәлімдейді Tengrinews.kz тілшісі. 

"Президент тапсырма берді - этникалық топтардың мәдениеті мен тілін дамытуға мүмкіндіктер жасап, қазақ тілінің рөлін күшейту. Бұған дейін де айтқанмын, этномәдени бірлестіктер позициясынан қазақ тілін меңгеру бойынша жұмысты күшейту керек. Қазіргі таңда қазақ тілін білу ұлты қазақ емес тұрғындарымыз үшін әлеуметтік, қызметтік және коммерциялық лифт саналады", - деді Владимир Божко. 

Депутаттың ойынша, этномәдени бірлестіктерге мүдделі ведомстволармен бірігіп, қазақ тілін дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында оқытушыларды қаржыландыру әрі қазақ тілінде курстар ұйымдастыру керек. 

"Бұл қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде дамуына қосымша фактор болып есептеледі", - деді Божко.

Дереккөз: Tengrinews.kz

3 қыркүйек 2019, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.