Атырау, 24 сәуір 00:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16

Алматыда жер сілкінісінің ошағы қаладан 5 шақырым қашықта болған

2 646 рет қаралды


Алматыда болған жерасты дүмпуінің ошағы қаладан 5 шақырым қашықта болған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі ҒМ ҒК «Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ЖШС хабарлады.

Стансаның мәлімдеуінше, жер сілкінісі түскі 15:06:17 уақытта тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 5 шақырым қашықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,5, магнитудасы – 3,7. 

Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған. Қала тұрғындарына 2-3 балл көлемінде сезілді. Қалалық ТЖД жергілікті атқару органдары, прокуратура, «Қазселденқорғау» МКК, басқа да ұйымдарға шұғыл хабарландыру жіберді.

Дереккөз: Inform.kz

2 қыркүйек 2019, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.