
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің жоғарғы палатасының отырысында Сенат төрағасы кандидатурасына Дариға Назарбаеваны ұсынды.
Президент әкімшілігінің Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысының ұсынымын оқып берді.
"ҚР Парламенті Сенатының төрағасын сайлау туралы ҚР Конституциясының 58-бабының 1-тармағына сәйкес, Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны ҚР Парламенті Сенатының төрағасы қызметіне сайлауды ұсынамын", - деп оқыды Көшербаев.
Одан кейін отырысқа қатысып отырған депутаттар құпия дауыс беріп, Мемлекет басшысы ұсынған кандидатураны сайлады.
Жасырын дауыс беру рәсіміне 10 минут берілді. Осы уақыт ішінде 48 сенатор бюллетеньмен жабық түрде дауыс берді.
Дереккөз: baq.kz
В Атырау -11