Атырау, 25 сәуір 14:15
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Белсендіге шабуыл ісі" бойынша Панфилов ауылдық округінің әкімі ұсталды

2 786 просмотра


29 тамызда әлеуметтік желіде жергілікті белсенді галина Арзамасоваға жасалған шабуылға байланысты Панфилов ауылдық округінің әкімі Нұрғали Аппазовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Талғар аудандық әкімдігінің өкілі Жанкелді Өмірәлиев Азаттық тілшісіне бұл ақпаратты растады.

- Оны Арзамасова ісі бойынша ұстады. Ол [Талғар ауданының] әкімі тамыздың 27-інде ауылға барған кезде қызметінен кеткен. Қазір аудандық ішкі істер басқармасында. Жауап беріп жатыр, - деді ол.

Әзірге полиция жауап бермеді. Талғар ауданындағы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Галина Арзамасова 26 тамызда аудандық әкімдік алдында өзіне белгісіз біреулердің "пневматикалық қарудан атқан оғы жамбас сүйегіне тигені" туралы Азаттыққа хабарлаған еді. Ол бұл оқиғадан соң ауруханаға түскен.

Оның сөзіне қарағанда және ауылдағы өзге тұрғындардың да айтуынша, су тапшылығы, сапасыз жол сияқты елді мекендегі өткір мәселелерді көтеріп жүрген белсендіге алғаш рет шабуыл жасалып отырған жоқ. Жергілікті атқарушы билік органдарының ашықтығын талап етіп жүрген белсенді 2017 жылы өзіне белгісіз біреулер екі рет шабуылдағаны туралы мәлімдеген. Сонымен бірге ол үйіне ұрылар түсіп, баспанасын өртеуге әрекет жасалғанын айтқан. Арзамасова шабуылдарды өзінің белсенділігімен байланыстырған.

27 тамызда Алматы облысы полиция департаменті Арзамасоваға оқу ату оқиғасы бойынша Талғар ауданының 22 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталғанын, одан пневматикалық қару тәркіленгенін хабарлады. Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаевтың сөзінше, ұсталған адамның үстінен Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("бұзақылық") 3-бөлігі ("атыс қаруын, газ қаруды, пышақ, кастет және өзге де суық қаруды қолданып не қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер") бойынша іс қозғаған. Бірақ туыстары белсендіге оқ тигендіктен адам өміріне қауіп төндіру бойынша іс қозғалғанын қалайды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

29 тамыз 2019, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.