Атырау, 22 желтоқсан 21:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Үш адамды әдейі қаққан: министр Алматыдағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

3 201 рет қаралды


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда үш адамды әдейі қаққандарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, полиция екі көлікті де оқиға орнына жақын маңнан тапқан. Жүргізушілердің бірі ұсталған, қазір қамауда.

"Екіншісі іздестіріліп жатыр, бұл уақыт мәселесі деп ойлаймын. Зардап шеккен үш адам ауруханада жатыр. Екеуінің аяқ-қолы сынып, бас сүйегі-ми жарақатын алған", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

ІІМ басшысы тергеу жүріп жатқанына байланысты күдіктілердің аты-жөнін атаудан бас тартты.

"Оқиғаның егжей-тегжейін айтпай-ақ қояйын. Мұны сот шешеді", - деді ол.

Министр жол апатына қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Олар: көлікті мас күйінде жүргізу, бұзақылық және адам өміріне қастандық жасау.

Еске сала кетсек, Алматыдағы Гагарин көшесінде 26 тамызда таңертең ерте үш адам көлік астына түсті. Белгілі болғандай, бір топ жігіт өзара жанжалдасып, екеуі өз көлігіне отырып, үш адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді.

Дереккөз: sputniknews.kz

27 тамыз 2019, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.