Атырау, 25 желтоқсан 00:44
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

"Негізсіз шығындарды қысқарту керек": Тоқаев бюджетке қатысты тапсырма берді

3 860 рет қаралды


Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бюджеттік жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Жиынға премьер-министр Асқар Мамин, премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов, премьер-министрдің орынбасарлары – Бердібек Сапарбаев пен Жеңіс Қасымбек, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, сондай-ақ президент әкімшілігінің басшылығы қатысты.

Кеңес барысында президент республикалық бюджеттің алдағы үш жылға арналған жобасының негізгі параметрлері туралы баяндама тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет жобасының теңгерімді және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сай екенін айтты. Сонымен қатар, мемлекет басшысы бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және бюджеттің кірісін одан әрі ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Президент бюджетті жоспарлаудың барлық кезеңдерінде шығыстарды оңтайландыруға, есеп комитетімен өзара тығыз ықпалдастық орнатуға, сондай-ақ негізсіз имидждік және консалтингтік шығындарды қысқартуға шақырды.

Соңында мемлекет басшысы үкіметке бюджетке бақылауды күшейтуді тапсырды. Оның айтуынша, бюджет әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан барынша тиімді әрі маңызды жобаларды қаржыландыруы тиіс.


27 тамыз 2019, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.