Атырау, 9 шілде 15:19
 снегВ Атырау +23.8
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11

Маңғыстау облысындағы тас жолда жүк көлігі өртенді

2 791 рет қаралды


Маңғыстау облысындағы тас жолда ауыр жүк машинасы жанып кетті, деп хабарлайды «Лада».

«Жүк көлігінің өртенуі 24 тамызда Шетпе ауылының маңындағы тас жолда  болған. Полицейлердің айтуынша, өрттің алдын-ала себебі сымдардың қысқа тұйықталуы болуы мүмкін. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.

Жүк көлігінің кабинасы толығымен жанып кеткені, ал тіркеме бүлінбегені айтылған. 

Дереккөз: ҚазТАГ


26 тамыз 2019, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.