Атырау, 9 шілде 15:19
 снегВ Атырау +23.8
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11

Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

2 654 рет қаралды


Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

"Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Өкімге сай 2 қыркүйекте парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастайды", - деп жазды мәжіліс төрағасы Twitter парақшасында.

Айта кетсек, дүйсенбі, 2 қыркүйекке тағы бір ауқымды саяси шара жоспарланған: мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына жолдау жасайды.

Дереккөз: sputniknews.kz

26 тамыз 2019, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.