Атырау, 9 қараша 02:14
 дождьВ Атырау +4
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

​Арыстағы жарылыс: Әскери бөлім басшысы мен оның орынбасары ұсталды

3 613 рет қаралды


ҚР ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы Арыс қаласындағы Арсеналдағы жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары - Артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау базасының бастығы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Олар ҚР Қылмыстық кодекстің 462-бабының 3-бөлігінде (жарылғыш заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу), 453-бабының 2-бөлігінде (ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікке ілінген", - делінген хабарламада. 23 тамыз күні Түркістан облысы Арыс аудандық соты ұсталған азаматтарға қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

24 тамыз 2019, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.