Атырау, 25 желтоқсан 00:48
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Алматылық альпинистерді іздеу жұмыстары тоқтатылды

2 612 рет қаралды


Қырғызстанның Тянь-Шань тауларында жоғалып кеткен альпинистерді іздеу тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жоғалып кеткен альпинистерді іздеуге шыққан әскери альпинистер қайтып келді. Бұған дейін Ақ-Сай Тревел  компаниясы болған апаттың хроникасын айтып, альпинистерді тірі табуға мүмкіндік жоқ екенін айтқан еді. Еске салсақ, Алматылық Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және көз жұмған Александр Чечулин Қырғызстандағы «Жеңіс» шыңында қарлы бораның  астында қалған. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. 

Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады.  ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі, капитан Мақсұт Жұмаев Қырғызстан тауларында жоғалған қазақстандық альпинистерді іздестіру жұмыстары туралы айтқан болатын. Ауа райының қоласыздығы алматылық альпинистерді іздеуге кедергі келтірді.


Дереккөз: inform.kz

23 тамыз 2019, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.