Атырау, 18 қыркүйек 08:50
Күндіз ашық+26, кешке +21
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 385.42  € 424.58  P 6.00

Депутаттар кімге 1 миллион теңгеден берілетінін анықтады

23 тамыз 11:05


Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс 54-ші сессиясында бірқатар маңызды мәселе қаралды. Оның ішінде тұрғын үй сертификаты берілетін  азаматтардың санатын анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожинаның айтуынша, бұрын тұрғын үй сертификаттары заңда болмаған. Соңғы өзгерістер аясында осы куәліктердің анықтамасы енгізілді. Осыған байланысты тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оны алушылардың санаттарын айқындау қажет.

"Енді 1 миллион теңге көлеміндегі тұрғын үй сертификаттарын азаматтардың мына санаттарына беру ұсыналады: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда қызмет ететін білім беру ұйымдарындағы педагогтарға, денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарындағы қызметкерлерге, мәдениет және спорт ұйымдарының бейіндік қызметкерлеріне, ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне", - деді Нұрғожина.

Бұдан бөлек, бүгінгі сессияда халықтың әлеуметтік осал топтары - мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иегерлері, бұрын "Батыр ана", сондай-ақ, I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған көпбалалы аналар мен толық емес отбасыларға тұрғын үй сертификаттарын беру ұсынылды.

Мәслихат депутаттары тұрғын үй сертификаттарын алушылардың тізімін анықтау мәселесін қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

570 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3