Атырау, 20 сәуір 03:06
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Динара Құлыбаева Швейцариядағы атақты "Бельрив" сарайын сатып алды

5 655 просмотра


Швейцарияның “Bilan” журналы 21 тамызда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Динараның атақты “Бельрив” (Château de Bellerive) сарайын сатып алғанын жазды. 

Женеваның шетінде орналасқан аталған зәулім сарай Швейцарияның ұлттық жәдігерлері тізіміне енген. Мәліметке сүйенсек, Динара Құлыбаева ғимаратты 62 миллион франкқа (63 миллион доллар) сатып алған. Журналда "Бельрив" сарайын ханзада Садруддин Ага Хан 1997 жылы ағайынды Сёрсоктарға сыйлық ретінде берген. 

Ағайынды Сёрсоктар оның екінші зайыбы Кетрин Алия Сёрсоктың (Catherine Aleya Sursock) балалары. “Bilan” ақпаратына сәйкес, Сёрсок 28 мың 700 шаршы метр болатын хансарайды үш жыл бұрын 120 миллион франкқа сатуға шығарған. Сондай-ақ, журналдың жазуынша, бұл Назарбаев қызының Швейцариядағы бірінші жылжымайтын мүлкі емес. 

2009 жылы Женевадан 75 миллион долларға үй сатып алған. Динара Құлыбаеваның өзі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

23 тамыз 2019, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.