Атырау, 20 сәуір 14:24
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Тоқаев пен Хейл Қазақстан мен АҚШ әріптестігін талқылады

2 158 просмотра


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Дэвид Хейл Нұр—Сұлтанда АҚШ пен Қазақстан арасындағы әріптестікті дамыту жайын талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақпаратта 21 тамыздағы кездесуде Тоқаев пен Хейлдің «Қазақстан мен АҚШ-тың стратегиялық әріптестігін кеңейту, терроризмге қарсы іс-әрекет, сонымен бірге Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын қалпына келтіру мәселелері жөнінде пікір алмасқаны» айтылған.

Хейлдің Орталық Азия елдеріне төрт күндік сапары 20 тамызда басталған. Сәрсенбі, 21 тамызда ол Нұр-Сұлтанда Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуіне (С5+1) қатысты.

С5+1 форматы 2015 жылы қарашада АҚШ пен Орталық Азияның бес елі арасында экономикалық интеграцияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу, сонымен бірге АҚШ-тың осы аймақпен сауда-инвестициялық қатынасын жақсарту мақсатында құрылған.

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Нұр-Сұлтаннан кейін Ташкентке сапармен барып, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен және басқа да лауазымды шенеуніктермен кездеседі деп жоспарланған.

Дереккөз: Азаттық радиосы


22 тамыз 2019, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.