Атырау, 24 сәуір 20:06
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Головкин әлем чемпионы атағына таласатынын хабарлады

2 069 просмотра


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 5 қазанда Нью-Йорк қаласында (АҚШ) украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жекпе-жекке шығады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Америкалық ESPN сайты екі боксшының кездесу шарттарына 21 тамызда қол қойғанын хабарлады.

Осы жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы орта салмақтағы IBF (International Boxing Federation) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленеді.

IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы бұған дейін мексикалық Сауль Альваресте болған. Бокс ұйымы Альваресті Деревянченкомен жекпе-жекке шығуға міндеттеген. Бірақ екі боксшы ақша жағынан келісе алмаған. Тамыздың басында IBF Альварестен бұл атақты қайтарып алған. Кейін ұйым чемпиондық белдікке Головкин мен Деревянченконы үміткер деп жариялаған.

37 жастағы Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 41 жекпе-жекке шыққан. 39 кездесуде жеңіп, біреуінде тең түсіп, біреуінде жеңілген. Боксшы 2018 жылы қыркүйекте мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп, орта салмақта (72,6 кг) WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған. 

Ал 33 жастағы Деревянченко 14 кездесудің 13-ін жеңіп, біреуінде жеңілген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

22 тамыз 2019, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.