Атырау, 24 қаңтар 13:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Ерлан Қарин: Ұлттық кеңестің алғашқы ресми жиыны 6 қыркүйекте өтеді

2 962 рет қаралды


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы 6 қыркүйекте өтеді. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі, Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы шамамен 6 қыркүйекте өтеді. Қазіргі уақытта алғашқы кеңейтілген отырысқа қызу дайындық жүргізіліп жатыр», - деді «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін Ерлан Қарин. Оның айтуына қарағанда, осы жылдың шілде мен тамыз айларында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында Ұлттық кеңеске мүшелікке енген азаматтармен кездесу өткізілген. 

Сондай-ақ, талқылау барысында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысының алдында ұйымдастырушылық жиынды өткізу келісілген. «Ішкі сұрақтарды - Ұлттық кеңес жұмысының жалпы регламентін, жұмыс топтарын құру мәселелері мен құрамын талқылау үшін алдын ала жиын өтеді. Ұйымдастырушылық жиын 28 тамызға жоспарланған», - деп түсіндірді Ерлан Қарин.

Дереккөз: inform.kz


21 тамыз 2019, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.