Атырау, 17 қыркүйек 15:18
Кешке ашық+20, түнде +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 385.16  € 425.95  P 6.01

​"Қорқамыз ба?". Назарбаев министрлер мен әкімдерге шүйлікті

21 тамыз 13:30


Nur Otan лидері Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктер партиямен байланысын ашық көрсетуі керек деп мәлімдеді. Бұл туралы ол партияның саяси кеңесінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мемлекеттік органдардың кейбір басшылары, министрлер, әкімдер өзін партияның адамы секілді ұстамайды. Өзіме өзім бастықпын дейді. Nur Otan-ның барлық мүшесі партиямен қарым-қатынас жасап, бүгін Мәжілісте төсбелгі тағып отыруы керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында. Бірінші Президент Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі тәжірибені зерделегенін атап өтті. "Малайзияда министрлер, премьер-министрлер төсбелгімен жүреді, орынбасарларында да, қалғандарында да бар. Көшеде адамдар мемлекеттік қызметші екенін көрсетеді. Ал бізде ше? Партияда екенімізден қорқамыз ба? Онда шығыңыздар, біз басқасын таңдаймыз", - деді Назарбаев. 

Айта кетейік, елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Шараға тұңғыш президент - партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Парламент депутаттары мен саяси бюро мүшелері қатысып жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

651 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3

Последние новости