Атырау, 9 қараша 02:22
 дождьВ Атырау +4
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Елеусінов бірде-бір рет жеңілмеген боксшымен жекпе-жек өткізеді

3 040 рет қаралды


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов жеңілмеген америкалық Решард Хиксонға қарсы жекпе-жек өткізеді. Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы кездесудің анонсын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. 

Кездесу 13 қыркүйек күні Нью-Йорк қаласындағы "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында өтеді. Жекпе-жек 9 раундтан тұрады.

Данияр Елеусіновтің қарсыласы – 34 жастағы америкалық боксшы Решард Хикс.

13 қыркүйек күні "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында өтетін бокс кешінің ең басты жекпе-жегі – америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаевтың арасында өтеді.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық былғары қолғап шебері осы жылдың мамыр айында төрешілердің шешімімен чилилік Лус Норамбуэнды жеңген болатын.

Дереккөз: sputniknews.kz

21 тамыз 2019, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.