Атырау, 28 наурыз 21:41
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

ШҚО-да өз үйінің ауласынан жоғалған екі жасар сәбидің денесі табылды

2 840 просмотра


Жоғалып кеткен баланың денесі өз үйінің ауласындағы құдықтан табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, бүгін құқық қорғаушылар ашық тұрған құдықтарды тексеруді бастаған. Сол кезде баланың мәйіті табылды. Бұған дейін құтқарушылар үйге жақын тұрған өзеннің арнасын тексерген болатын.

"20 тамызда Средигороное аулының Алтай ауданында полиция қызметкерлері құдықтарды сұйықтық пен лайдан тазартып, қосымша тексерісті бастады. Зерттеу кезінде зардап шеккен азаматтардың ауласындағы құдықтың ішінде лайдың астынан 2017 жылы туған кішкентай Әлихан Талғатовтың мәйіті табылды", - дейді құқық қорғаушылар.

Қазіргі кезде оқиға орнында тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Баланың мәйіті сот сараптамалар орталығына жіберілді.

Өткен сенбі күні Әлихан есімді бала өз үйінің ауласынан жоғалып кеткен болатын. Ол 6 жасар әпкесімен ойнап жүрді. Осы уақытта анасы үлкен қызымен асханада тамақ пісіріп жатқан. Үйге қызы жалғыз кіреді, інісін шақырып келуге кеткен үлкен қызы оны ауладан таба алмады.

Әлиханды іздеу шараларына құтқарушылар, кинологтар, полицейлер, еріктілер атсалысты. Бас кезінде бала үйден 20 метр шалғай жердегі Березовка өзеніне батып кетті деген болжам болған. Содан құтқарушылар өзеннің арнасын жан-жақты тексеріп шықты. Тіпті, өзенді уақытша құрғату туралы ұсыныс болды. Жалпы, іздеу шараларына 200-ге жуық адам қатысты. Олар жақын маңдағы аумақтың бәрін: тоғай, шұңқыр, жерқойма мен қираған құрылыстарды қарап шықты.

Өскеменнен арнайы кинологиялық құтқарушылар тобы де келген. Аспаннан іздеу жұмыстары квадрокоптердің көмегімен жүргізілді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

20 тамыз 2019, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.