Атырау, 20 сәуір 04:33
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстанда полицияға ала таяқ қайтарылуы мүмкін

2 764 просмотра


ҚР Ішкі істер министрлігі жол қозғалысын реттейтін полиция қызметкерлеріне ала таяқты қайтаруға бастамашылық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Азаматтардың келіп түскен өтініштеріне байланысты және жол қозғалысына қатысушылардың реттеуші полицейдің әрекеттерін қабылдауын жақсарту, әсіресе қараңғы және түнгі уақыттарда, сондай-ақ жол қозғалысын реттеуші полицейді қағып кету оқиғаларының алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі патрульдік полиция қызметкерлерінің ала таяқты (жезл) пайдалану тәжірибесіне қайта оралуды ұсынады», - делінген аталған ведомство таратқан ақпаратта. Бұл ретт министрлік ала таяқтарды тек қана жол қозғалысын реттеуді жүзеге асыру үшін пайдалануды ұсынып отыр. Атап айтқанда, жол-көлік оқиғалары мен кептелістер кезінде көлік құралдарын бұру үшін, бағдаршамдардың ақаулығы немесе болмауы, ауа райының нашарлауы және автожолдарда нашар көріну және басқа да қажетті жағдайларда ғана ала таяқты қолдануға болады деп санайды. Ал көлікті тоқтату үшін ала таяқты пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салу қажет деп есептейді.

Дереккөз: inform.kz

20 тамыз 2019, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.