Атырау, 24 сәуір 10:23
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Бердібек Сапарбаев жаңа қызметке тағайындалды

2 290 просмотра


Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.

"Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын", - делінген Ақорданың хабарламасында.

 Бердібек Сапарбаев бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған еді. Ол 1953 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында туған. Еңбек жолын Қызылорда облысының Задария кеңшарында жұмысшысы болып бастады. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары республикалық басқармасында экономист, Қазақ КСР-і Қаржы министрлігінде экономист болып қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары болды, ҚР Президенті аппаратында және Министрлер кабинетінде жұмыс істеді.  1995-1999 жылдары Қызылорда облысының әкімі, 1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002-2006), ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі (2006-2007), ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі қызметтерін атқарды. 

20 тамыз 2019, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.