Атырау, 25 желтоқсан 00:42
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Оқушылардың жаңа оқу жылындағы демалыс күндері аталды​​

2 705 рет қаралды


Білім және ғылым министрлігінің өкілдері оқушылардың жаңа оқу жылындағы каникулдарының мерзімін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрліктің бұйрығы бойынша: 1) 2019-2020 оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталады; 2) 1-сынып оқушылары - 33 апта оқиды, 2-11 (12)-сынып оқушылары 34 апта оқиды; - күзгі каникулдар - 28 қазаннан 3 қарашаға дейін (жеті күн); - қысқы каникулдар - 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін (он күн); - көктемгі каникулдар - 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн); Сондай-ақ, министрліктегілердің мәліметінше, 1-сынып оқушыларына тағы қосымша каникул беріледі - 3-9 ақпана аралығында (жеті күн). Осылайша, оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

 

19 тамыз 2019, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.