Атырау, 26 сәуір 22:37
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді

2 398 просмотра


Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт Маклелланмен (27-3-3, 11 КО) кездесу өткізді. Он раундтық жекпе-жектің бесінші раундында жерлесіміз қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Нокаутқа дейін Әлімханұлы канадалықты екі рет нокдаунға жіберген болатын.

26 жастағы қазақстандық үшін бұл кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісі. Ал қарсыласы төртінші рет жеңіліп отыр.

Айта кетсек, канадалық жекпе-жекке дейін Әлімханұлының комедиялық фильм персонажы Бораттың киіміндегі суретін жариялаған болатын. Кейін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Қазақстандық боксшы өзінің Instagram парақшасында жеңісімен барша қазақ халқын құттықтады.

"Бұл менің жеңісім емес, елдің жеңісі. Біздің мақсат – әлемге қазақ стилін танымал ету. 4 салмақта әлем чемпионы атану", - деп жазды спортшы.

Дереккөз: sputniknews.kz

18 тамыз 2019, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.