Атырау, 21 желтоқсан 13:21
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Енді балабақшаға екі жастан қабылдайды

3 654 рет қаралды


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды балабақшаға екі жастан бастап қабылдауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жаңа бағдарламаларға көшіп жатырмыз. Жас ерекшелігіне байланысты өзгерістер болады. Балаларды балабақшаға екі жастан бастап қабылдау маңызды", - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен Тамыз конференциясы барысында. 

Сондай-ақ, Аймағамбетов балабақшалардың жұмысын тамызға дейін ұзартуға қатысты пікір білдірді.

"Бүгінде балабақшалар үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Бірақ балалардың көбі 6 жасқа тола салысымен мектепке барып жатыр. Сондықтан балаларды екі жастан бастап балабақшаға қабылдау мәселесін көтеріп отырмыз. Сонымен қатар, балабақшаның жұмысын тамызға дейін ұзарту керек. Осыған байланысты арнайы бағдарлама әзірлеп жатырмыз", - деді министр.  

Тоқаевтың Тамыз конференциясындағы мәлімдемелері Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда 2000-нан аса қазақстандық мұғалім Тамыз конференциясына қатысты.

Дереккөз: Tengrinews.kz

16 тамыз 2019, 22:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.